Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейден Қазақстанға өте алмай тұрған ел азаматтары үшін "жасыл дәліз" ашылады

Опубликовано:

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы кезек
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы кезек. Фото: lada.kz

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин сенат кулуарында Ресеймен шекарадағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресейде ішінара мобилизация туралы хабарландырудан кейін Қазақстан мен Ресей Федерациясының шекарасында бір шақырымға созылған көлік кептелісі пайда болды. Салдарынан азық-түлік тиеген қазақстандық көліктер республикаға дер кезінде кіре алмауда.

Серік Жұманғариннің айтуынша, кеше ол Ресей премьер-министрінің орынбасарымен шекарадағы жағдайды талқылаған.

"Шекараның арғы жағында Қазақстан азаматтары да тұр және азық-түлік тиелген жүк көліктері де тұр. Бүгін шекара қызметтері бір-бірімен сөйлеседі. Олар "жасыл дәліз" жасауға тырысады.

Менің ойымша, бұған бүгіннен бастап кірісу керек, тым болмаса ертең. Бүгін біз шекара қызметімен сөйлесеміз", – дейді министр.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар Ресеймен шекарадағы кезектің кесірінен бірнеше тәуліктен бері тұрғанын айтып, шағымданған болатын. Олар биліктен бұл мәселеге назар аударып, өз азаматтарының еркін жүруін қамтамасыз етуді сұраған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990207-reseiden-qazaqstanga-ote-almai-turgan-el-azamattary-usin-zasyl-daliz-asylady/

pixel