Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлнұр Мамасарипова күйеуімен қалай танысқанын айтып берді (видео)

Опубликовано:

Гүлнұр Мамасарипова
Гүлнұр Мамасарипова. Фото: "Менің өмірім" бағдарламасы

Қазақстандық продюсер Гүлнұр Мамасарипова 18 жасында тұрмысқа шыққан. Кішкентайынан әжесінің қолында тәрбиеленіп, еті тірі, ширақ қыз болып өскен режиссер күйеуін қалай жолықтырғанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Продюсер жұбайы мен келіндік өмірі жайлы "Менің өмірім" бағдарламасында айтып берді.

"Мен апамның (ред - әжесі) ерке қызы болдым. Күйеуім екеуміз бір жыл жүріп үйлендік. Махаббатымыз Қазақ ұлттық университетінің қалашығында басталған. Апам "Сенсіз қалай өмір сүремін? Алматыда әр облыстың жігіттері бар. Алысқа кетпе" деп қатты қорықты.

Қазір ойласам, апамның өзінің травмасы боп тұр ғой. Ол кісіден ешнәрсе жасырмайтынмын. Жігіттер хат жазса, апама көрсетіп, оқып беретінмін. Хат жазғанда қате жіберетін жігіттер ашуыма тиетін. "Дұрыстап жазу жаза алмай жүріп, маған қалай хат жазасың" деп ұрсатынмын.

Апама оқып беретінмін. Апам "Қой, мына бала болмайды" деп күлетін. Сосын күйеуіммен сөз байласқанда, айттым. Оның шыққан жерін таниды екен. Апам қуанып кетті. "Танитын, өсіп-өнген жер. Мен қарсы емеспін" деп бірден іске кірісіп кетті. Солай апыр-топыр күйеуге шығып кеттім", - деді продюсер.

Мамасарипованың айтуынша, оны ешкім жастай тұрмысқа шығып кетеді деп ойламаған.

"Сол заманда, ақымақ кезімде тұрмысқа шығып кеткенім жақсы болған. Кейінге қалып қойсам, күйеуге шықпай қалар ма едім. Өйткені, мектепті "Алтын белгіге" бітірдім. Өте белсенді оқушы болдым. Ата-анам мен айналам менің мансап қуатыныма сенімді болды. Ғылым жолын таңдап, профессор болғанымды қалады. Өзім заң факультетіне түсіп, сот болғым келетін. "Волганың артында отырамын, жүргізушім болады. Классикалық киім киіп жүретін боламын" деп елестететінмін", - деді ағынан жарылған Гүлнұр Мамасарипова.

Естеріңізге сала кетейік, продюсер осы күнге дейін ата-енесіне сәлем салатынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1998922-gulnur-mamasaripova-kuieuimen-qalai-tanysqanyn-aityp-berdi-video/

pixel