Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақын Жүрсін Ерман: Жағдайым онша емес (видео)

Опубликовано:

Жүрсін Ерман
Жүрсін Ерман. Фото: instagram.com/zhursin_yerman

Айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман осыдан біраз уақыт бұрын жансақтау бөліміне түскен болатын. Ақын бүгінгі таңда жағдайының онша еместігін "Таңшолпан" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жағдайымды өзім де білмеймін. Жарты ай бұрын емдеуші дәрігер ауруханадан шығарды. "Біздің қолдан келетіннің бәрін жасадық. "Еуропаға барам" деп жүр едің. Сол талабыңды жасай бер" деп үйге шығарды. Тіл-жағым сау. Бірақ жағдайым онша емес. Аяғымды басып жүре алмаймын. "Отырсам, тұра алмаймын. Тұрсам, отыра алмаймын" деген ертегі болушы еді ғой, соның күйін кешіп отырмын.

Енді жан-жағым толған ағайын-туыс. Қазақстанның түпкір-түпкірінен көңілімді сұрап ақындар келді. Солардың тілек, батасы шығар, осылай отырғаныма шүкір", - деді Жүрсін Ерман.

Сонымен қатар ақын өзінің Еуропаға емделуге кететіні жайлы ақпаратты да растады.

"Менің Швецарияда құдам бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры. Сол кісі "Бізге кел, көрсетейік" деп клиника тапты. Қазір соңғы құжаттары дайындалып жатыр. Алыс сапарға шығу оңай емес, жалғыз бармайсың. Үй ішіммен, екі қызыммен, бәйбішеммен барайын деп отырмын", - деді Жүрсін Ерман.

Естеріңізге сала кетейік, айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат тараған болатын.

Кейінірек Жүрсін Ерманның қызы әкесінің жағдайы туралы баяндаған болатын.

Ардақ Жүрсінқызының айтуынша, ақын жансақтау бөліміне түспес денсаулығы сыр берген. Себебі осыдан төрт-бес ай бұрын Жүрсін Ерман оң аяғының тізесіндегі көк тамырға протез салдырған. Алайда протезді ағзасы қабылдамай, оның айналасы іріңдей бастаған. Артынша сол ірің қанға түсіп, ақынның дене қызуы көтерілгеннен талмасы ұстаған. Ол есінен танғаннан кейін бір күн ішінде тыныс алу аппаратына таңылады.

Арада біраз уақыт өткенде ақынның денсаулығы жақсарып, үйге шыққаны хабарланды.

Сондай-ақ Жүрсін Ерманның Еуропаға емделуге баратыны жайлы айтыскер Шалқарбай Ізбасаров мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2000285-zursin-erman-zagdaiym-onsa-emes-video/

pixel