Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Ақбота-Нұрдың әнші жігітпен түскен видеосы желіде қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Ақбота-Нұр мен Әділет Жауғашар
Ақбота-Нұр мен Әділет Жауғашар. Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Актриса Ақбота-Нұр мен жас әнші Әділет Жауғашардың түсірген видеосы әлеуметтік желіде көпшілікті қызықтырып қойды. Видеоны Ақбота Сейтмағамбет Instagram желісіне жүктеп, астына сезімге толы әннің сөзін жазып қойған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бұртиғанымды сүйді. Сүйгені үшін күйді, Әділет Жауғашар", - деп жазды актриса.

Ал бұл жазбаның астына әнші Әділет Жауғашар жүрек белгісін қалдырған.

Желі қолданушылары болса, өнер әлемінде жаңа жұлдызды жұп пайда болды деп жорыған.

"Бақытты болыңыздар", "Жарасымды жұп", "Бұл жігіт кім", "Ақбота, бақытты бол. Мына жігіт саған ғашық", "Бір-біріңізге ұқсайсыздар", - деп жазды желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, Ақбота Сейтмағамбет осыған дейін өткенмен өмір сүрмейтінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2000623-aktrisa-aqbota-nurdyn-ansi-zigitpen-tusken-videosy-zelide-qyzu-talqyga-tusti-video/

pixel