Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өткенмен өмір сүрмеймін": Ақбота Сейтмағамбет қайта ғашық болуға қалай қарайтынын айтты (видео)

Опубликовано:

Ақбота Сейтмағамбет
Ақбота Сейтмағамбет. Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Отандық актриса Ақбота Сейтмағамбет Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап беріп, қайта ғашық болуға қарайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желіде тыңдармандардың бірі әншіден "Неден қорқасыз? Қайта ғашық болуға дайынсыз ба?", - деп сұраған.

Ал Ақбота Сейтмағамбет өз талғамына сай ер-азаматты жолықтырса, күнде ғашық болуға дайын екенін айтты.

"Менің талғамыма сай, азаматтығы мен адамгершілігі келіскен жан болса, күнде ғашық болар едім. Адамдардың тұрақсыздығы мен пиғылынан қорқамын", - деді актриса.

Сонымен қатар оқырмандардың бірі Ақбота Сейтмағамбетке "Жүрегіңізден орын алған адам бар ма?", - деп сауал қойған.

Актриса болса өткенмен өмір сүрмейтінін, өткенді жүрегіне жүк қылмайтынын мәлім етті.

"Мен өткенмен өмір сүрмеймін. Бұл сөзім "өткен күндердегі адамды жүрекке жүк қылмаймын" дегенім. Мен болашаққа қараймын. Алдағы келетін бақытымды жүрегім бос күйінде қабылдап алуым керек", - деді Ақбота Сейтмағамбет.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ақбота Сейтмағамбет пәтер сатып алғанын көрсеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1997614-otkenmen-omir-surmeimin-aqbota-seitmagambet-qaita-gasyq-boluga-qalai-qaraitynyn-aitty-video/

pixel