Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас көпшілікті ерекше образымен таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас
Қайрат Нұртас. Фото: instagram.com/kair_n

Отандық әнші Қайрат Нұртас тыңдармандарын ерекше образымен таңғалдырды. Видеодан қара байкта шлем киген әнші қолына алқызыл түсті раушан гүлін ұстап отырғанын көруге болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші видеоны Instagram парақшасында жариялады.

"Махаббат гүлі солмайды, лаулайды. Бір ағылшынша сөз жазып қоятындай түсіппін. Бірақ қазақша жазамын деп шештім. Келбеттімін ғой, иә?", - деп жазды әнші.

Қайрат Нұртас видеоның фонына "Сүйем деме" әнін қойып, "жақында" деп белгі қойды.

Қайрат Нұртастың су жаңа образы желі қолданушыларының көңілінен шыққан.

"Керемет", "Мұндай әлі ешкімде болмаған", "Трек шықты ма?", "Сіздің келбеттілігіңізге ешкімнің күмәні жоқ", - деп пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001113-qairat-nurtas-kopsilikti-erekse-obrazymen-tangaldyrdy-video/

pixel