Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Исабекова: "Балама көңіл бөлмедім" деп өкінгім келмейді (видео)

Опубликовано:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: instagram.com/p/CRT1TzTsuJE

Биылғы жылы ана атанған әнші Мақпал Исабекова қазіргі уақытын тек баласына арнауға шешім қабылдағанын жеткізді. Өнер иесі жылдар өте келе өзегін өкініш өртемес үшін, ұлын махаббат пен қамқорлыққа толықтай бөлеуге тырысатынын "MOM'sкий әңгіме" бағдарламасында баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сен қазір анасың. Сен декреттің демалыстасың" деймін. Осы күнге дейін қыдырдым, шетелді көрдім. Гастрольде де болдым, талай сахнаға шықтым, түсірілім алаңында жүрдім. "Бірнәрсені көре алмай қалдым" деп өкінетін ештеңе жоқ. Бәрін білемін, барлық жерде болдым.

Ал қазір өзімді, уақытымды балама арнайтын сәт келді. Кейін 10-15 жылдан кейін баламның жанында болмағаным үшін өкінгім келмейді. Баламды үйге қалдырып, мансап қуғым келмейді. Жұмыс ешқайда кетпейді. Мен кез келген уақытта жұмысқа орналасып, мансап қуа аламын. Ал менің балам өмір бойы кішкентай болмайды. Ертең-ақ өсіп кетеді. Кейін "Құдайым-ау мен мынаны балама бере алмадым" деп жылағым келмейді.

Мен ұлымның махаббат пен қамқорлықты толықтай алғанын қалаймын. Бұл кейін ұлымның рахметін алу үшін жасалып жатқан жұмыс емес. Бұл өзім үшін", - деп айтты Мақпал Исабекова.

Естеріңізге сала кетейік, Мақпал Исабекова осыған дейін жұбайымен қалай кездескенін айтқан болатын.

Сонымен қатар әнші дәрігердің өзіне қойған диагнозы жайлы айтып, көзіне жас алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2002642-maqpal-isabekova-balama-konil-bolmedim-dep-okingim-kelmeidi-video/

pixel