Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Исабекова босанғаннан кейін әйелдерге көзқарасының өзгергенін айтты (видео)

Опубликовано:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: instagram.com/makosyai

Отандық әнші Мақпал Исабекова қазіргі уақытта декреттік демалыста. Ана атанған өнер иесі "MOM'sкий әңгіме" бағдарламасында кесарь тілігімен баласын өмірге әкелгеннен кейін әйел затына деген көзқарасының өзгеріп, оларға бас игенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, ол тұңғышын қиындықпен босанған. Алдымен әншінің қызуы көтеріліп, жөтелмен ауруханаға түседі. Содан соң балаға зияны тимес үшін, әнші кесарь тілігіне келіседі. Кесарь тілігін бастан өткізген Исабекова әйел затының мықтылығына таңқалғанын жасырмады.

"Кесарь тілігінен кейін денемнің төменгі бөлігі жан сезбей қалды. Жөтелсем, жаным көзіме көрінеді. Дұрыстап жөтеле алмаймын. Осыны ойласам, өзіме жаным ашиды. Жалпы әйел адамдарға жаным ашиды. Неге адамдар әйел өзі босанбаса, жеңіл деп ойлайды? Кесарь тілігімен баланы өмірге әкелгеннен кейін қалыпқа келу процессі өте қиын.

Осыдан кейін барлық әйелдерге деген көзқарасым өзгерді. Өзің босанбай тұрып, баланы өмірге әкелудің қандай екенін түсінбейді екенсің. Оны түсіндіре, жеткізе алмайсың. Мен бүкіл әйел затына басымды иемін. Әйелдер деген қандай мықты жандар. Мен күйеуіме "Неге ер адамдар емес, әйелдер баланы өмірге әкелетінін түсіндім. Себебі, ер адамдар бірінші рет босанғаннан кейін екінші баланы өмірге әкелуге келіспес еді" деп айтамын. Бұл рас . "Ананың қадірін өзің балалы болғанда түсінесің" деген осы екен", - деп айтты Мақпал Исабекова.

Естеріңізге сала кетейік, Мақпал Исабекова осыған дейін жұбайымен қалай кездескенін айтқан болатын.

Сонымен қатар әнші дәрігердің өзіне қойған диагнозы жайлы айтып, көзіне жас алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2002644-basymdy-iemin-maqpal-isabekova-kesar-tiligimen-bosangannan-keiin-barlyq-aielderge-kozqarasynyn-ozgergenin-aitty-video/

pixel