Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің бұрынғы жұбайы өзіне алғыс айтқанын жасырмады (видео)

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы отбасымен
Ләйлә Сұлтанқызы отбасымен. Кадр: Ләйлә Сұлтанқызының Youtube арнасынан

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы отбасы туралы алғаш рет Youtube арнасында бар шындықты айтты. Ол жұбайының өзіне дейін екі рет отбасы құрып, ұл-қызды болғанын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тележүргізушінің айтуынша, жұбайының жаназасында өзіне күйеуінің алғашқы жұбайы алғыс айтқан.

"Кіші ұлы әкесін осы жақтан жаназасына алып барды. Үлкен ұлы арғы жақта қарсы алды. Жаназасына бүкіл Алматының адамдары келді. Қызы, қызының анасы, екі ұлдың анасы келді.

Екі ұлдың анасы келіп, алғысын білдірді. Ол кісі "Айналайын, сені үнемі дұғама қосып жүремін. Келіндеріме көмектескен, немерелеріме қарасып отырғаныңа мың да бір алғысымды білдіремін" деп алғыс айтты.

Қызының анасы да жазда тойда болды. Тойды бірге атқарып шықты. Өмірінің әдемі кезеңдерін сол кісіге арнады. Мен қалай тарихты, адамның өткенін өшіре аламын? Болмаса оны дұрыс емес дей аламын? Мен біреуді сынайтындай кіммін? Оның да пешенесіне солай жазылған шығар. Оның да үлкен махаббаты болған шығар. Сондықтан мен оны тек қабылдаймын, мойындаймын. Мен барлығына тек қана бақыт тілеймін", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың қарашасында Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы Қайрат Беркімбаев өмірден өткен болатын.

Сондай-ақ жұбайының қырқын берген тележүргізуші күйеуі жайлы естеліктерімен бөлісіп, неліктен тойы болмағанын айтты.

Ләйлә Сұлтанқызы жас күнінде біреудің үшінші жары болуды армандамағанын, мұның пешенесіне жазылғанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2002777-laila-sultanqyzy-marqum-kuieuinin-buryngy-zubaiy-ozine-algys-aitqanyn-zasyrmady-video/

pixel