Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кетерінде өксіп жылады": Жүрсін Ерман әскерге кеткен жиені туралы әсерлі жазба қалдырды

Опубликовано:

Жүрсін Ерман
Жүрсін Ерман. Фото: instagram.com/zhursin_yerman

Осыдан біраз уақыт бұрын желіде ақын, айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман жансақтау бөліміне түскен болатын. Кейінірек денсаулығы жақсарып, үйіне шыққан ақынның емделу мақсатында шетелге жол тартатыны белгілі болды. Айтыс ұйымдастырушысы Instagram парақшасында әскерге кеткен жиеніне әсерлі жазба арнап, онымен аман-есен қауышқысы келетінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мынау - менің жиен немерем Нұрасыл. Әжесіне еркелеп, "Қалайсың, Бақытжан" деп тұратын бұл ұл да 19 жасқа таянып, бір ай бұрын әскери борышын өтеуге аттанды. Менің қатты ауыратынымды көріп жүрген балам "енді сені көрем бе, жоқ па" деді ме, кетерінде мені құшақтап, өксіп көп жылады. "Сен оралғанда қалқайып қарсы алуға жарасам, Аллаға ризамын, балам" деп мен де жыладым. Нұрасылды көруді Алла нәсіп етсе екен", - деп жазды Жүрсін Ерман.

Желі қолданушылары ақынның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

"Осы жиеннің келін әкелгенін көруді жазсын", "Аяққа тұрып кетіңіз", "Аман-есен борышын өтеп келгенде, алдынан өзіңіз шығып қарсы алыңыз", "Аллам шипасын беріп, аман-есен Нұрасылыңызбен жүздесуді жазсын", "Жаман ойға берілмеңіз. Әлі талай жақсылықтар көресіз", - деп жазды желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат желіде тарады.

Ақынның қызы Ардақ Жүрсінқызы әкесінің жансақтау бөліміне түспес денсаулығы сыр бергенін айтты.

Кейінірек айтыс ұйымдастырушысының өзі жағдайының онша еместігін отандық бағдарламада баяндап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2003039-keterinde-oksip-zylady-zursin-erman-askerge-ketken-zien-nemeresimen-aman-esen-korisudi-qalaitynyn-aitty/

pixel