Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дана Есеева жұбайының үйқамаққа шыққанына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Дана Есеева, Мейіржан Төребаев
Дана Есеева, Мейіржан Төребаев. Фото: instagram.com/dana_yesseyeva

Дана Есеева жұбайы Мейіржан Төребаевтың үйқамаққа шығуына байланысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дана Есеева Instagram желісінде Мейіржанның балалармен және отбасымен уақыт өткізген сәттерінен видео жариялады.

"Үйде, анамызбен, балалармен, отбасымызбен. Аллаға шүкір, бәрін білуші өзің", - деп жазды блогердің әйелі.

Естеріңізге сала кетейік, белгілі вайнер және блогер Мейіржан Төребаев қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды. Мұндай шешім қаржы пирамидасы ісі бойынша алдын ала тыңдау барысында қабылданған болатын.

Айта кетейік, биыл ақпан айында блогер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын.

20 сәуірде олар 10 тәулікке қамауға алынып, кейін қамауға алу мерзімі екі айға ұзартылды.

Осыдан соң қамауға алу мерзімі тағы бірнеше рет ұзартылды.

Соңғы рет күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі 21 қарашада өзгертілді.

12 желтоқсанда Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов ісі сотқа жолданғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2003164-dana-eseeva-zubaiynyn-uiqamaqqa-syqqanyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel