Айқынның анасы: Біз үлкен келінмен тұрамыз (видео)
Опубликовано:

Отандық әнші Айқын Төлепбергеннің анасы "Жақсы адамдарым" бағдарламасында қолында үлкен келіні тұратынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бағдарлама жүргізушілері әншінің анасынан "Жұлдыз қандай келін? Бірге тұрасыздар ма?", -деп сұраған.
Ал Айқынның анасы Гүлзада Төлепбергенова Жұлдызбен емес, үлкен келінімен бірге тұратынын айтты.
"Келініміз өте жақсы. Өте сыпайы, ата-ананы өте жақсы сыйлайды. Біз үлкен келінмен тұрамыз. Айқыннан үлкен Айдын деген үлкен ұлым бар, соның қолында тұрамын.
Келіндер жақсы. Қолдағы келініммен 13 жылдан бері бірге тұрамыз", - деді әншінің анасы.
Айқын қазір жаңадан үй салып жатқанын, сол біткен бойда ата-анасымен бірге тұратынын айтты.
"Қазір үлкен үй салып жатырмын. Содан кейін бірге тұрамыз, бұйырса", - деді Айқын Төлепберген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2003362-aiqynnyn-anasy-biz-ulken-kelinmen-turamyz-video/