Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Сейтмағамбет пен отандық жас әнші тағы да көзге түсті (видео)

Опубликовано:

Ақбота-Нұр мен Әділет Жауғашар
Ақбота-Нұр мен Әділет Жауғашар. Скриншот: tiktok.com/@a.zhaugashar

Актриса Ақбота-Нұр мен жас әнші Әділет Жауғашардың түсірген видеосы осыған дейін де әлеуметтік желіде көпшілікті қызықтырып қойған болатын. Бұл жолы жас әнші Ақбота Сейтмағамбет екеуінің видеосын Tiktok желісіне жүктеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Осыдан біраз уақыт бұрын өнер иелерінен бірге көрген желідегілер олардан жарасымды жұп шығатынын айтқан болатын.

Ал бұл жолы желідегілер видеодан әншілердің сәлемдескен сәтіне куә болды. Жас әнші жариялаған видеоны көрген әлеуметтік желі қолданушылары қос әншіге бақыт тіледі.

"Бақытта болыңыздар", "Несі бар? Әдемі жұп", "Екеуіңіз ұқсайсыздар", "Ұнатса, үйленсін. Баласы бар болса не қылады екен?", "Осы жігіт Ақботаға өзі қылмыңдап жүр", "Ақботаны жақсы көретін сияқтысыз", "Жақсы адамға жақсы жұп кезігеді. Екеуіңіздег жарасымды жұп шығады", "Әркімнің бақытты болуға қақысы бар", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2004587-aqbota-seitmagambet-pen-otandyq-zas-ansi-tagy-da-kozge-tusti-video/

pixel