Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйел адамға оңай емес": Ақбота Керімбекова әйелдердің зейнет жасына байланысты көзқарасын айтты

Опубликовано:

Ақбота Керімбекова
Ақбота Керімбекова. Фото: instagram.com/botakerim

Елімізде әйелдердің зейнетке шығу жасы 61-ге дейін төмендеп, 2023 жылдың қаңтарынан бастап әйелдердің зейнет жасын ұлғайтуға бес жылға мораторий енгізілді. Әнші Ақбота Керімбекова нәзік жандылардың зейнетке шығу жасына байланысты көзқарасын айтты, деп жазады NEGE.KZ.

"Әйел адамға бала-шағаны тауып, бағып-қағып, алпыстан асқанша шапқылап жүру оңай емес. Елуге келген соң "басы ауырып, балтыры сыздап" дегендей, әйелдің бойынан түрлі ауру-сырқат шығып жатады. Сондықтан зейнетке шығу жасын 58-бен шектесе жақсы болар еді", - деді Ақбота Керімбекова.

Айта кетейік, елімізде әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету туралы ұсыныс айтылған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдан бастап елімізде әйелдердің зейнет жасы жыл сайын алты айға ұлғайып келеді. 2022 жылы ол 60,5 жыл болды. 2023 жылы ол 61 жасты межелейді.

2023 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын ұлғайтуға бес жылға мораторий енгізілетіні жайлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсіндіріп берген болатын.

Қазақстанда зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар кешені әзірленді. Атап айтқанда, әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінен әрі қарай арттыру жоспарын тоқтату көзделген. Мораторий бес жыл бойы күшінде болады: 2023 жылдан 2028 жылға дейін. Мараторий жайлы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2005230-aiel-adamga-onai-emes-aqbota-kerimbekova-aielderdin-zeinet-zasyna-bailanysty-kozqarasyn-aitty/

pixel