Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан қазіргі жұбайы Раим мен баласының қарым-қатынасы туралы айтты (видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Отандық әнші Раим Бақтыгереевпен мұсылманша некесін қидырып, отау құрған Ерке Есмахан оқырмандар сауалына жауап беріп, отбасылық өмірін бөлісті. Әнші қазіргі жұбайы мен ұлының қарым-қатынасы жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің жаңа өміріне қызыққан оқырмандардың бірі Еркеден "Ұлыңыз жұбайыңызды қалай қабылдады? Тіл табысу оңай болды ма?", - деп сұрақ жолдаған.

Ал әнші жұбайы мен ұлының бір-бірін бірнеше жылдан бері танитынын айтты.

"Бір-бірімен бірнеше жылдан бері таныс. Қазір тіпті араларында ерекше махаббат орнады. Шүкір! Мысалы, мен мектепке апарып-әкелмеймін ғой. Ол қамқорлығын төгуде, Мүсілім бақытты", - деп жауап берді Ерке Есмахан.

Естеріңізге сала кетейік, қос әншінің кездесетіні жайлы қауесет желіге тарап, кейінірек Раим бұл ақпаратты растаған болатын.

Ал арада бірнеше күн өткенде жұлдызды жұптың мешітте некесін қидырғаны белгілі болды.

Сонымен қатар Раим өнерден айырылса да, махаббаттан айырыла алмайтынын айтып, көпшіліктен өздерін сынамауды сұрады.

Сондай-ақ Ерке Есмахан мәһрге не сұрағанын айтып берді.

Айта кетейік, Ерке Есмахан жаңа отбасы оны жылы қабылдап, тіпті "келін" деп атамайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2006657-erke-esmaxan-qazirgi-zubaiy-raim-men-balasynyn-qarym-qatynasy-turaly-aitty-video/

pixel