Ерке Есмахан мен Раим Дубайда бірге түскен суретін жариялады (фото, видео)
Жарияланған күні:
Жақында мұсылманша неке қидырып, отау құрған Ерке Есмахан мен Раим Дубайға саяхатқа аттанған болатын. Жұлдызды жұп некесіне тарту етілген саяхат барысынан желіге ортақ сурет жүктеп, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Ол мені сүйеді. Мен өзімді сүйемін. Суреттен-ақ көрініп тұрған шығар", - деп жазды Ерке Есмахан Instagram желісінде.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қос әншінің кездесетіні жайлы қауесет тарап, кейінірек Раим Бақтыгереев бұл ақпаратты растаған болатын. Осыдан кейін бірнеше күн өткенде жұлдызды жұптың мешітте некесін қидырғаны белгілі болды.
Кейінірек Раим Бақтыгерев өнерден айырылса да, махаббаттан айырыла алмайтынын айтып, көпшіліктен өздерін сынамауды сұрады. Ал Ерке Есмахан оқырманының сауалына жауап беріп, мәһрге не сұрағанын айтып берді.
Сонымен қатар Ерке Есмахан жаңа отбасы оны жылы қабылдап, тіпті "келін" деп атамайтынын жеткізді.
Тағы бір айта кететіні, әнші қазіргі жұбайы Раим мен ұлының қарым-қатынасы туралы да жасырмай баяндап берген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2007194-erke-esmaxan-men-raim-dubaida-birge-tusken-suret-zariyalady-foto-video/