Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Некемізге сыйлық": Ерке Есмахан мен Раим Дубайға саяхатқа аттанды (видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Раим Бақтыгереев
Ерке Есмахан мен Раим Бақтыгереев. Скриншот: instagram.com/erke_esmahan

Жақында мұсылманша некесін қидырған Ерке Есмахан мен Раим Дубайға саяхатқа аттанды. Шетелге сапары туралы Ерке Есмахан Instagram парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші жариялаған видеодан жұлдызды жұптың Дубайға ұшу барысын көруге болады.

Ерке Есмаханның айтуынша, бұл сапарды тур агенттігі некесінің құрметіне орай тарту еткен.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қос әншінің кездесетіні жайлы қауесет тарап, кейінірек Раим Бақтыгереев бұл ақпаратты растаған болатын. Осыдан кейін бірнеше күн өткенде жұлдызды жұптың мешітте некесін қидырғаны белгілі болды.

Кейінірек Раим Бақтыгерев өнерден айырылса да, махаббаттан айырыла алмайтынын айтып, көпшіліктен өздерін сынамауды сұрады. Ал Ерке Есмахан оқырманының сауалына жауап беріп, мәһрге не сұрағанын айтып берді.

Сонымен қатар Ерке Есмахан жаңа отбасы оны жылы қабылдап, тіпті "келін" деп атамайтынын жеткізді. Тағы бір айта кететіні, әнші қазіргі жұбайы Раим мен ұлының қарым-қатынасы туралы да жасырмай баяндап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2006879-musylmansa-neke-qidyrgan-erke-esmaxan-men-raim-dubaiga-sayaxatqa-attandy-video/

pixel