Шаһизада: Аналық махаббатымды балама дұрыс бермеппін (видео)
Жарияланған күні:
Отандық әнші Шаһизада баласына жас күнінде махаббатын дұрыс бермегенін айтып, өкінішін бөлісті. Мансап жолында жүріп ұлына лайықты көңіл бөлмеген өнер иесі "Менің өмірім" бағдарламасында өз қателігін қайталамауға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Кішкентай кезінде менің балам атасы мен апасында болды. Мен мансап қуып, осы күнге жетуім үшін аяққа тұру керек болды. Жағдай жасап, үй соғу керек болды. Мақсатым сол үйдің ішінде бала-шағамның бақытты өмір сүруі болды. Сол мақсатпен өнерде жүріп, қанша жұмыс істеп, бауырларыма көмектесіп, баламды оқытып, үйлендіріп бәрін жасадым. Алланың маған берген күш-қуатымен соның бәрін жасадым.
Бірақ мен бір нәрседен қателесіппін. Аналық махаббатымды балама дұрыс бермеппін. Балам маған сол үшін ренжіпті. Қазірдің өзінде сол реніші қалып қойған ғой. "Менің қателігімді сіңлілерім жасамасын. Балаларына махаббатын, мейірімін көбірек берсе екен" деп жақсы жазба жарияладым. Балам қазір психолог, көп нәрсені түсінді", - деді әнші.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әнші Шаһизада өзінің шын есімі жайлы айтқан болатын.
Сонымен қатар әнші үшінші жігітімен Стамбұлда үш ай бірге тұрып, кетіп қалғанын бөлісті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2008200-sahizada-analyq-maxabbatymdy-balama-durys-bermeppin-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.