"Некеден кейінгі алғашқы қауышу": Ерке Есмахан ерекше отбасылық видеоны бөлісті (видео)
Жарияланған күні:
Раимға тұрмысқа шыққан Ерке Есмахан ерекше отбасылық видеосын бөлісті. Видеода жас жұбайлардың мұсылманша неке қидырған сәтін тамашалауға болады. Әнші видеоны Instagram желісіне жариялаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жақында көпшілікті тағы бір жаңалығымен қуантатынын айтқан әнші Раиммен мұсылманша неке қидырған сәттің алғашқы видеосын жариялады.
"Біздің күйеуі мен әйелі ретіндегі алғашқы қауышуымыз", - деп жазды әнші.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қос әншінің кездесетіні жайлы қауесет тарап, кейінірек Раим Бақтыгереев бұл ақпаратты растаған болатын. Осыдан кейін бірнеше күн өткенде жұлдызды жұптың мешітте некесін қидырғаны белгілі болды.
Кейінірек Раим Бақтыгерев өнерден айырылса да, махаббаттан айырыла алмайтынын айтып, көпшіліктен өздерін сынамауды сұрады. Ал Ерке Есмахан оқырманының сауалына жауап беріп, мәһрге не сұрағанын айтып берді.
Сонымен қатар Ерке Есмахан жаңа отбасы оны жылы қабылдап, тіпті "келін" деп атамайтынын жеткізді. Тағы бір айта кететіні, әнші қазіргі жұбайы Раим мен ұлының қарым-қатынасы туралы да жасырмай баяндап берген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2008487-nekeden-keiingi-algasqy-qauysu-erke-esmaxan-erekse-otbasylyq-videony-bolisti-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.