Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтың діні мен дәстүріне зияны тимесе болғаны": Еркін Рақышев отандық киногерлерге қолдау білдірді

Опубликовано:

Еркін Рақышев режиссер
Еркін Рақышев. Фото: instagram.com/erkin_rakhishev

Танымал режиссер Еркін Рақышев соңғы бес жылда көрермен назарынан тыс қалды. Алайда режиссер KAZ.NUR.KZ тілшісіне шығармашылықтан қол үзбегенін және жақында көрермен назарына жаңа туынды ұсынатынын айтып, сұхбат берді.

"Жапондармен бір кино бастап, әрең бітірдім. Фильм "Таң Шығыстан атады" деп аталады. Одан бөлек күзде бір фильмді бастаған едім. Соның мәресіне жетіп қалдық. Алдағы айда "көрерменге жол тартады" деп сенемін. Әзірге атауын ойластырып жатырмыз.

"Алаш қайраткерлері өз заманында "Жапония сияқты ұлттық демократиялық мемлекет құру керекпіз" деп айтып кеткен еді. "Біздің халық жапондар сияқты рухы мықты, жігерлі болу керек" деп көп насихат жасады. Бірақ Кеңес үкіметі кезінде ол мүмкін емес еді. Ал қазір біз егемендік алдық. Енді біз аздап болса да Жапонияға бет бұру керекпіз. Жапондармен бірігіп түсірген киноның басты мақсаты - алаш қайраткерлерінің насихатын халыққа жеткізу болды. Алдағы уақытта "өздеріңіз көріп, бағасын бересіздер" деп сенемін", - деді режиссер.

Сонымен қатар Еркін Рақышев жылына бірнеше фильм түсіретін отандық режиссерлерге риза екенін айтты.

"Қазақта "Өнерге әркімнің-ақ бар таласы" деген сөз бар. Кино түсіруге әркімнің құқығы бар. Бастысы, қазақтың діні мен дәстүріне зияны тимесе болғаны. Теріс дүниелерді насихаттап, жастарды уламаса жеткілікті.

Кезінде мен алғаш рет фильм түсірген кезде "Бұл әуесқой режиссер ғой. Қалай түсіреді? Не көрсетеді? Тек кәсіби мамандар түсіру керек" деп біраз сынаған еді. Қазір әнші де, блогер де, ақын да, әртіс те, режиссер де жеткілікті қаржысы болса фильм түсіреді. Мен оны құптаймын. Себебі, сапа болу үшін - сан да болу керек. Бәсеке бар жерде - өсу болады. Бәсеке фильмдердің санының көп болуы - сапаға әкеледі", - деді режиссер Еркін Рақышев.

Автор: Жанар Тайырқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009356-qazaqtyn-dini-men-dasturine-ziyany-timese-bolgany-erkin-raqysev-otandyq-kinogerlerge-qoldau-bildirdi/

pixel