Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алла қосса, біз кімбіз": Төреғали Төреәлі Ерке Есмаханға бақыт тілеп, жыр арнады

Жарияланған күні:

Төреғали Төреәлі
Төреғали Төреәлі. Фото: instagram.com/toregalitoreali

Әнші Төреғали Төреәлі әріптесі Ерке Есмаханды тұрмысқа шығуымен құттықтап, жыр арнады. Төреғали Төреәлі жыр шумағын Instagram парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ерке қыз, күн қыз, жұлдыз қыз, Алла қосыпты айыңмен. Алла қосса, біз кімбіз?! Бақытты бол Райыммен.

Біздерді жұп қып жаратқан, Құдіретті Құдай пайыммен. Дәл солай сені қосыпты-ау, Сахнадағы сай ұлмен.

Құттықтайды ТТТ-лар, Болып жатқан тойыңмен", - деп жазды Төреғали Төреәлі.

Айта кетейік, Ерке Есмаханның ағасы да күйеу баласына жыр жолдарын арнаған болатын.

Ал Ерке Есмахан ел арасында тараған қауесетке жауап беріп, көпшілікке ата-енесін көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, белгілі әншілер Раим Бақтыгереев пен Ерке Есмахан қаңтар айында мұсылманша неке қидырды.

Ал бірнеше күн бұрын әнші Ерке Есмаханға сырға салынып, құдалығы өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010267-alla-qossa-biz-kimbiz-toregali-toreali-erke-esmaxanga-baqyt-tilep-zyr-arnady/