Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Darkhan Juzz-дың аяқталмаған альбомы жарыққа шығады

Опубликовано:

Дархан Жүнісбеков
Дархан Жүнісбеков. Фото: instagram.com/d.juzz

31 жасында өмірден өткен талантты музыкант Дархан Жүнісбековтің бітпеген альбомын қазақстандық Ozen лейблі аяқтайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ozen Телеграм-каналына сілтеме жасап.

"Darkhan Juzz — жаңа толқын әншілерінің бірі. Ол миллиондаған адамды қазақ музыкасына ғашық етіп, көпшіліктің ана тілін үйрене бастауына түрткі болған", - делінген Ozen лейблдің хабарламасында.

Сонымен қатар Ozen лейбл өкілдері әртістің барлық әнінің құқығы ұлы Әди мен қызы Айданаға тиесілі екенін хабарлады. Стримиңнен түскен қаражат 100 пайыз Дарханның отбасына берілетінін айтты.

"Дарханның мұрасын сақтап қалу үшін үлкен жұмыс жасайын деп жатырмыз. Оның әндері шексіз болсын" ,- деді олар.

Еске салайық, Darkhan Juzz лақап атымен танымал 31 жастағы қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбеков Таиландта қайтыс болғаны туралы хабарланған еді.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Таиланд полициясының мәліметіне сүйеніп, қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбековтің Таиландта жол-көлік оқиғасы кезінде қаза тапқанын растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010846-darkhan-juzz-dyn-ayaqtalmagan-albomy-zaryqqa-sygady/

pixel