Марқұм Darkhan Juzz-дың әндері ұлы мен қызына мұра боп қала ма
Жарияланған күні:
Қазақстандық музыкант, көпшілікке Darkhan Juzz есімімен танымал Дархан Жүнісбеков Таиландта жол-көлік оқиғасы кезінде қаза тапқан болатын. 31 жастағы музыканттың әндері артында қалған ұлы мен қызына мұраға қалады, деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Ревю" бағдарламасының мәліметінше, Darkhan Juzz-дің артында бір ұлы мен қызы қалған.
Енді әншінің жақында жарыққа шығатын күйтабағы екі перзентіне мұра болып қалады. Стримдік алаңнан түскен қаражат олардың есепшотыны түсіп отырады.
Естеріңізге сала кетейік, Дархан Жүнісбеков Таиландта жол-көлік оқиғасы кезінде қаза тапты.
31 жастағы музыканттың жұбайы марқұм күйеуіне жантебірентерлік жазба арнаған болатын.
Сонымен қатар әншінің денесі бүгін, яғни 28 ақпан күні Қазақстанға әкелінетіні белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2011116-darkhan-juzz-dyn-anderi-uly-men-qyzyna-muraga-qalady-ma/