Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Darkhan Juzz-дың жұбайы марқұм күйеуіне жантебірентерлік жазба арнады

Опубликовано:

Darkhan Juzz
Darkhan Juzz. Фото: instagram.com/d.juzz

Қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбековтің Таиландта жол-көлік оқиғасы кезінде қаза тапқан болатын. 31 жастағы музыканттың жұбайы марқұм күйеуіне жантебірентерлік жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сурет жариялама, көз тиеді" деп айтатынсың. Менің және балалардың маңдайына күйе жағатын едің. Барлық сәтте көмектесетінсің, әсіресе, балаларымыз туылған кезде... Бәрі оның қандай музыкант болғанын біледі. Бірақ көбісі оның керемет күйеу, әке, ұл болғанын біле бермейді.

Екеуіміз кездесіп жүргенде есік алдына дейін шығарып салып тұрып "Мен саған күйеу, дос, аға және әке боламын" дейтінсің. Сол сәтте сенің не айтқың келгенін ұқпаппын. Бірақ екеуіміз шаңырақ көтергеннен кейін бәрін түсіндім. Сен мені "Бөрте, күн мен айым" дейтінсің. Ал сен менің алтыным едің. Сен сахнаға кеткенде мен ұйықтамастан күтетінмін. Маған үнемі не болғанын және өз жоспарларыңды бөлісіп отыратынсың. Әндеріңнің алғашқы нұсқасын жіберетінсің. Маған әр кеште кітап оқитын едің. Мен ұйықтап кетсем де, Джек Лондонды оқуды жалғастырып, таңертең не болғанын айтып беретің едің", - деді әншінің жұбайы.

Сонымен қатар ол күйеуімен соңғы рет сөйлескенін еске алды.

"Соңғы рет "Сендермен уақыт өткізуге уәде берсем де, келуге үлгермеймін. Кешірші. Мен студиядамын. Үлгере алмай жатырмын, жұмыс көп. Босаған бойда көңіл бөлемін" дедің. Биылғы жылға жоспарың көп еді. Бақыттан бал-бұл жанып жүрдің. Ұшпауың керек еді. Ол сенің жоспарыңда болмады. Жоспармен жүріп, оны өзгертпеу керек еді. Үнемі осылай айтатынсың. Ешқашан жалған сөйлемедің, бәрін тура айтатынсың. "Мені осы қалпыммен қабылдасын" дейтін едің. Сен - менің батырымсың. Сен - менің жанымсың! Сен - менің алтынымсың", - деді Darkhan Juzz-дың жұбайы Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 31 жастағы қазақстандық әнші Таиландта жол-көлік оқиғасы кезінде қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010984-darkhan-juzz-dyn-zubaiy-marqum-kuieuine-zantebirenterlik-zazba-arnady/

pixel