Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ Таиландта қайтыс болған Darkhan Juzz-дің денесі Алматыға қашан жеткізілетінін айтты

Опубликовано:

Darkhan Juzz
Darkhan Juzz. Фото: instagram.com/d.juzz

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте Таиландта жол апатынан қаза тапқан қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбековтің денесі ертең, 28 ақпанда елге жеткізілетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айбек Смадияров министрлік Дархан Жүнісбековтің туыстарымен және продюсерімен байланыста екенін атап өтті.

"Денесі ертең Пхукеттен Алматыға жеткізіледі. Тасымалдауға қатысты барлық шығынды Air Astana өз мойнына алды. Жерлеу қызметіне қатысты шығындарды сол жерде онымен бірге демалған достары төледі", – дейді ол.

СІМ өкілі продюсер берген мәліметтерге сүйене отырып, музыканттың денесін тасымалдау үшін қайғылы оқиға болған күні қаражат жинау мәселесі көтерілгенін, бірақ кейінірек жиналған қаражаттың барлығын марқұмның туыстарына аудару туралы шешім қабылданғанын айта кетті.

Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын Darkhan Juzz лақап атымен танымал қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбеков өмірден өтті.

Кейін музыканттың өлімінің мән-жайы белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011041-sim-tailandta-qaitys-bolgan-darkhan-juzz-din-denesi-almatyga-qasan-zetkiziletinin-aitty/

pixel