Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Айнұр Ілиясова тағы да қызды болды (фото)

Опубликовано:

Айнұр Ильясова
Фото: Instagram/ainur_ilyasova

Отандық танымал актриса әрі тележүргізуші Айнұр Ілиясова үшінші сәбиін дүниеге әкелді. Өнер иесі жаңа жыл қарсаңында жолдасына ерекше сый жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айнұр Ілиясова қуанышты хабарымен Instagram парақшасында бөліскен. Шоу-бизнес жұлдызы тағы да қызды болған.

Өнер иесі көпшіліктен сүйінші сұрап, перзентханадағы суреттерімен бөлісті.

"Естіп жатқан боларсыздар! Одан да өзім айтайын, Құдайға шүкір, бүгін таңертең мынандай аруды дүниеге әкелдім. Бәрі жақсы. Қол-аяғымды жинап жатырмын. Апам айтпақшы: "Адамнан адам шығу оңай емес". Кейін барлығын дұрыстап жазам ғой", – деп жазды актриса.

Желі қолданушылары Ілиясованы жарыса құттықтап, өз ақ тілектерін жаудырған.

Айта кетейік, ерлі-зайыптының бұл сәбиден басқа үлкен екі қызы бар. Бұл жұлдызды отбасындағы үшінші ару болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1949191-aktrisa-ainur-iliyasova-tagy-da-qyzdy-boldy-foto/

pixel