"Алла бере салған": Тәуекел Мүсілімнің әйелі оның қандай күйеу екенін айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал актер Тәуекел Мүсілім осыдан бірнеше жыл бұрын шаңырақ көтеріп, бүгінде екі ұлды болды. Актердің жұбайы Махаббат Instagram желісінде оқырман сауалына жауап беріп, күйеуінің қандай екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желі қолданушыларының бірі "Орта Азияның ең сымбатты жігітінің жұбайы болу, бірге тұру қалай?", - деп сұраған.
Ал Махаббат (Тәуекел Мүсілімнің әйелі - ред.) күйеуін мақтап, оның жақсы қасиеттерін атап берді.
"Ол тек сымбатты ғана емес. Сонымен қатар ол ақылды, әділ, шынайы, төзімді, қамқор әке, керемет күйеу. Ол жайлы осылай шексіз айта беруге болады, Алла бере салған ғой", - деп жазды актердің жұбайы.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы актер Тәуекел Мүсілім шаңырақ көтерген болатын. 2021 жылы актердің тұңғышы өмірге келді.
Ал 2022 жылдың соңында Тәуекел Мүсілімнің екінші ұлы туылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2013246-alla-bere-salgan-tauekel-musilimnin-aieli-onyn-qandai-kuieu-ekenin-aitty/