Ақбота Сейтмағамбет желіде жеке өмірі туралы жаңалықты бөлісті (видео)
Жарияланған күні:

Отандық әнші әрі актриса Ақбота Сейтмағамбет әлеуметтік желіде жазбасымен көпшілікті қызықтырып қойды. Әнші Instagram парақшасында жеке өмірі туралы жаңалықты бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желі қолданушыларының бірі "Жалғыз қалуыңа не себеп?", - деп сұраған.
Ал актриса оқырманының бұл сауалы шындыққа сай келмейтінін жеткізіп, қол ұстасқан жұптың суретін жариялады.
"Сенімді сөйлей бермесеңіздерші", - деген Ақбота Сейтмағамбет жауабына қол ұстасқан жігіт пен қыздың суретін бекітіп қойды.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ақбота Сейтмағамбет тұрмысқа шығуға кеңес берген оқырманына жауап қайтарған болатын.
Сондай-ақ актриса жеке пәтер сатып алып, жақында қоныс той жасайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2014182-aqbota-seitmagambet-zelide-zeke-omiri-turaly-zanalyqty-bolisti-video/