jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Елу жылдан соң - тоқал": Мереке Қалбаева 7 жас кіші күйеуіне су жаңа көлік сыйлады (фото)

    Мереке Қалбаева мен Әрсен Акиев
    Мереке Қалбаева мен Әрсен Акиев. Фото: Instagram/merekusha.k

    Танымал әзілкеш Мереке Қалбаева мен күйеуі Әрсен Акиевтің шаңырақ көтергеніне бес жылдың жүзі болған. Айтулы отбасылық мерекеде Мереке Қалбаева жұбайына су жаңа көлік сыйлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әзілкеш күйеуіне Toyota Land Cruiser 200 көлігін сыйға тартқан сәтті Instagram желісінде бөлісті.

    "Бүгінгі жаңалық осы. Жас болса да, бас болып жүрген отағасына сыйлығым. Шаңырақ көтерген 5 жылдығымызға - Toyota Land Cruiser 200, елу жылдан соң - тоқал", - деп жазды Мереке Қалбаева.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мереке Қалбаева отбасылық өмір туралы сыр шертіп, өзінен жеті жас кіші жігітке қалай тұрмысқа шыққанын айтқан болатын.

    "Елу жылдан соң - тоқал": Мереке Қалбаева 7 жас кіші күйеуіне су жаңа көлік сыйлады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.