"Көп кездескеніміз жоқ": Нұрсұлтан Нұрбердиев халыққа алғаш рет келіншегін көрсетті (фото)
Жарияланған күні:
Нұрсұлтан Нұрбердиев халыққа жұмбақ әншілердің бірі. Ол отбасылық өмірі туралы көп ашылып айта бермейді. Десе де, Анна Данченокның Қызықты Weekend бағдарламасында әнші ата-анасы мен келіншегін халыққа таныстырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Нұрсұлтанның жұбайы Қызылорда облысының тумасы. Бірақ Тараз қаласында өскен. Әншінің ата-анасы келінді ұзатып алғысы келгенімен, Нұрсұлтан сүйіктісін алып қашуға бел буады.
"Ата-анам Қызылорда облысының тумасы. Анам Аралдан, әкем Қазалыдан. Мен бір жасқа толғанда Таразға көшіп келдік. Үйде төрт қызбыз. Мен үйдің екіншісімін. Біз көп сөйлеспедік. Бірінші кездесуінде-ақ үйленетінін айтқан. Бір айдай кездесіп, үйлендік. Өзім телекоммуникация саласын оқыдым. Бірақ жұмыс істеп үлгермедім. Отағасы үйде отыр деді. Осы кісі не айтады, солай болады", - дейді әншінің жұбайы Әсел Молдабаева.
Бағдарлама барысында Нұрсұлтан Нұрбердиев ата-анасы мен келіншегіне арнап клип түсіру жоспарда бар екенін айтқан.
Жас жұбайлар кішкентай бүлдіршінді бірге тәрбиелеп отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2015083-kop-kezdeskenimiz-zoq-nursultan-nurberdiev-xalyqqa-algas-ret-kelinsegin-korsetti-foto/