jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Көп кездескеніміз жоқ": Нұрсұлтан Нұрбердиев халыққа алғаш рет келіншегін көрсетті (фото)

    Нұрсұлтан Нұрбердиев әйелі Әселмен
    Нұрсұлтан Нұрбердиев әйелі Әселмен. Скриншот: "Жетінші" арна

    Нұрсұлтан Нұрбердиев халыққа жұмбақ әншілердің бірі. Ол отбасылық өмірі туралы көп ашылып айта бермейді. Десе де, Анна Данченокның Қызықты Weekend бағдарламасында әнші ата-анасы мен келіншегін халыққа таныстырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Нұрсұлтанның жұбайы Қызылорда облысының тумасы. Бірақ Тараз қаласында өскен. Әншінің ата-анасы келінді ұзатып алғысы келгенімен, Нұрсұлтан сүйіктісін алып қашуға бел буады.

    "Ата-анам Қызылорда облысының тумасы. Анам Аралдан, әкем Қазалыдан. Мен бір жасқа толғанда Таразға көшіп келдік. Үйде төрт қызбыз. Мен үйдің екіншісімін. Біз көп сөйлеспедік. Бірінші кездесуінде-ақ үйленетінін айтқан. Бір айдай кездесіп, үйлендік. Өзім телекоммуникация саласын оқыдым. Бірақ жұмыс істеп үлгермедім. Отағасы үйде отыр деді. Осы кісі не айтады, солай болады", - дейді әншінің жұбайы Әсел Молдабаева.

    Әсел Молдабаева мен Нұрсұлтан Нұрбердиев үйлену тойында
    Әсел Молдабаева мен Нұрсұлтан Нұрбердиев. Фото: instagram/moldabaeva_ass

    Бағдарлама барысында Нұрсұлтан Нұрбердиев ата-анасы мен келіншегіне арнап клип түсіру жоспарда бар екенін айтқан.

    Жас жұбайлар кішкентай бүлдіршінді бірге тәрбиелеп отыр.

    "Көп кездескеніміз жоқ": Нұрсұлтан Нұрбердиев халыққа алғаш рет келіншегін көрсетті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.