Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Netflix платформасында қазақстандық сериалдар пайда болуы мүмкін

Опубликовано:

Netflix
Netflix. Көрнекі сурет: Pexels.com

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басшысы Дархан Қыдырәлі өзінің Facebook парақшасында Netflix өкілімен кездесіп, платформада қазақстандық өнімдер пайда болуы мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Netflix компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка аймақтарының үкіметтерімен байланыс жөніндегі директоры Александр Лонгпен кездесті.

Ол кездесу барысында бірлескен жобаларды құру мәселелері талқыланғанын айтқан.

" Жалпы компанияның зор әлеуетін ескере отырып, серіктестік орнатуға мүдделі екенімізді жеткіздім. Алдағы уақытта қазақстандық өнімдерді Netflix платформасында орналастыруға ниеттіміз", - деді министр.

Дархан Қыдырәлі Александр Лонгке соңғы жылдары сапасы мен деңгейі айтарлықтай артқан отандық сериалдарымыз жайлы айтқанын жазды.

" Өздеріңізге белгілі, қазірде елімізде түсірілген сериалдар мен отандық контенттерге сұраныс артып, алыс-жақын шет елдерге сатыла бастады. Біз министрлік тарапынан сериалдарымызды халықаралық деңгейге шығару мақсатындағы жұмыстарды жалғастыра береміз", - деп қосты Қыдырәлі.

Дархан Қыдырәлі мен Александр Лонг
Дархан Қыдырәлі мен Александр Лонг. Фото: Facebook / Darhan Qydyráli

Netflix – тіркелу арқылы интернетке қосылған құрылғыда фильмдер мен сериалдарды көруге мүмкіндік беретін қызмет. Тіркелу ақылы.

New-York Magazine интернет журналының мәліметінше, бас директор Рид Хастингс пен технологиялық кәсіпкер Марк Рэндольф 1997 жылы Netflix-ті құрып, бір жылдан кейін пошта арқылы DVD жеткізу қызметін іске қосты.

Сонымен қатар 2007 жылдан бері аталған сервис ағынды хабар тарату қызметін де ұсынып келеді. Көп ұзамай компания өздерінің контентін де жасай бастады.

Netflix пилоттық деңгейдегі шоулардың эпизодтарын жасауға қыруар қаражат кетіргеннен гөрі, әр жобаны толық шығару ниетімен сатып алуды жөн санайды.

Оған қоса Netflix бүгінде әр шоудың толық маусымы мен бөлімдерін шығару әдісін енгізді. Яғни енді олар бұрынғыдай теледидарда аптасына бір бөлімнен шығармайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016296-netflix-platformasynda-qazaqstandyq-serialdar-paida-boluy-mumkin/

pixel