Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қуануға қорықтым": бірнеше мәрте түсік тастаған Ділназ Ахмадиева сәбиін қалай дүниеге әкелгенін айтты

Опубликовано:

Дильназ Ахмадиева
Дильназ Ахмадиева. Фото: instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva

Отандық әнші Дильназ Ахмадиева 2020 жылы 39 жасында алғаш рет ана атанған болатын. Өнер иесі "Мамский әңгіме" бағдарламасында ұлы туылғанша, бірнеше мәрте сәтсіз жүктілікті бастан кешіргенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ұлымды 9 жыл күттім. 39 жастан асқанда жалғыз ұлымды босандым. Жүктілік кезінде еш қиындық болмады. Тіпті 6 наурыз күні концертте ән салдым. Ал 14 наурызда босандым. Жасым жүктілік үшін ересек болса да, аяғым ауыр кезде қиындық болмады.

Босанғаннан кейін 2 күн өткенде карантин басталып, перзентхананы жауып тастады. Өте қатты арықтадым. Перзентханаға 63 келі салмақпен кіріп, 53 келі салмақпен шықтым. Ал арада екі ай өткенде салмағым 46 келіге түсті. Баламды 56 см, 4440 грамм қылып босандым", - деді Дильназ Ахмадиева.

Сонымен қатар Дильназ Ахмадиева осыған дейін бірнеше рет сәтіз жүктілік болғанын, ал ұлын ЭКҰ арқылы босанғанын мәлім етті.

"Мен ЭКҰ жасаттым. Жүктілікті аңсаған 9 жылдың ішінде денсаулығымда гормондық өзгерістер болды. Тоғыз жылда екі жатырдан тыс жүктілік, төрт түсік болды. Екі жатырдан тыс жүктіліктен кейін менде екі жатыр түтігі жоқ. Сондықтан менде ЭКҰ-дан басқа нұсқа болмады. Бұл менің екінші рет жасатқан ЭКҰ-м. Бірінші ЭКҰ-ны бірінші күйеуіммен жасатқанмын. Осыған дейін үш рет эмбрион үш апталығында дамуын тоқтатты. Мұның себебін тіпті дәрігерлер де анықтай алмады.

Осыдан кейін үмітім үзілсе де, тағы да бағымды сынап көргім келді. Үшінші аптаны өте қатты күттім. Эмоционалды түрде мән бермеуге тырыстым. Соның өзінде түсік түсіме кіретін. Сөйтсем, төртінші, бесінші апта өтіп жатыр. Мен алтыншы аптада терең тыныс алдым. Мен тіпті қуануға қорықтым. Біреуге айтуға қорықтым", - деді Дильназ Ахмадиева.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Дильназ Ахмадиева екінші күйеуімен ажырасқанын мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016646-quanuga-qoryqtym-dilnaz-axmadieva-satsiz-6-zuktiliginen-keiin-eku-arqyly-bosanganyn-aitty/

pixel