Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екінші күйеуінен ажырасқан Дильназ Ахмадиева сүйіктісі бар екенін айтты

Опубликовано:

Дильназ Ахмадиева. Фото
Дильназ Ахмадиева. Фото: instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva

Отандық әнші Дильназ Ахмадиева екінші күйеуінен бір жылға жуық уақыт бұрын ажырасқанын мәлім еткен болатын. Өнер иесі "Мамский әңгіме" бағдарламасында сүйіктісі барын да жасырмай айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен тұрмысқа шыққалы жатқан жоқпын. Бірақ мен жалғыз емеспін. Мен жалпы жалғыз болмаймын. Ең алғаш 21 жасымда жігітпен кездесіп бастадым. Қазір 43 жастамын. Содан бері жалғыз жүрген емеспін. Жанымда үнемі біреу болады.

Әрине, сүйемін. Сезімсіз бұл өмірде ештеңе болмайды. Кездескенімізге көп болмады", - деді Дильназ Ахмадиева.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Дильназ Ахмадиева екінші күйеуінен ажырасуына не себеп болғанын айтты.

Сонымен қатар 2020 жылы 39 жасында алғаш рет ана атанған әнші ұлы туылғанша, бірнеше мәрте сәтсіз жүктілікті бастан кешіргенін баяндап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016799-ekinsi-kuieuinen-azyrasqan-dilnaz-axmadieva-suiiktisi-bar-ekenin-aitty/

pixel