Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аиша келініммен тұратын болам": Бүркіттің анасы Алматыға қоныс аударар алдында құдайы тамақ берді (фото)

Жарияланған күні:

Бүркіттің анасы мен жары
Ақын Айша Көпжасарова мен келіні Аиша. Фото: instagram.com/berkut_aibekjan

Шоу бизнестегі жұлдызды жұп Бүркіт пен Аиша Алматыдағы зәулім үйінде енді өздері ғана тұрмайды. Бүркіт есімімен танымал әнші Айбек Жансейітов Алматыға ата-анасын алдыртып жатыр. Айбектің анасы - елімізге белгілі ақын Айша Көпжасарова ақындар қаласына көшетінін айтып, жамбылдықтарға шай берді. Ауызашар түріндегі басқосуда республикаға белгілі ақын, жазушылар қатысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айша Көпжасарова бүгінде сексеннің сеңгірінен асқан. Басқосуға келген ақынның әріптестері Алматыға қоныс аударып бара жатқан отбасына ізгі тілектерін жаудырды.

Дастархан басында сөйлеп тұрған Айша Көпжасарова
Айша Көпжасарова берген ауызашар. Фото: KAZ.NUR.KZ/Дана Мұхарбек

Айша әжей жары Бекжігіт Жансейітов екеуі туған қаласын қимайтынын айтады.

"Дегенмен Айбектің қолында Аиша келініммен тұратын болдым", - деп қуанып отыр қарт ана.

"Тал бесігім – Таразым" деп жырлаған ақын қоныс аудару себебін жасының келгенімен, ата-енесінің өмірден қайтқанымен байланыстырады. Сол үшін қоныс аударар алдында тараздық элитаны жиып, құдайы тамақ берген.

Айша Көпжасарова берген ауызашар
Айша Көпжасарова қонақтары, ұл-қызымен дастархан басында. Фото: KAZ.NUR.KZ/Дана Мұхарбек

Жамбылдықтармен қоштасу кешінде ақынның Айжан есімді суретші қызы (блогер Әсел Асқардың анасы) мен орыс тілінде прозалық шығармалар жазатын Айдар есімі ұлы да болды.

Айта кетейік, бүгінде ақынның кенже ұлы Айбек Жансейітов анасының сөзіне жазылған "Мекенім – Қазақстан", "Туған жер" атты және тағы басқа әндерді орындап жүр.

Айша Көпжасарова, Бекжігіт Жансейітов
Айша Көпжасарова мен Бекжігіт Жансейітовтың жас күні. Фото: Отбасының жеке мұрағатынан

Автор: Дана Мұхарбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017648-aisa-kelinimmen-turatyn-bolam-burkittin-anasy-almatyga-qonys-audarar-aldynda-qudaiy-tamaq-berdi-foto/