Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкеммен екі жыл араласпадым": Арай Әлімханның өзге ұлт өкілімен бас қосқанын туыстары қалай қабылдады

Опубликовано:

Арай Әлімхан сұхбат барысында
Арай Әлімхан. Фото: youtube/@momskiy_angime

Журналист әрі актриса, Instagram желісінде миллиондаған оқырманы бар Арай Әлімхан өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққаны үшін біраз сынның астында қалғанын айттты, деп жазады "Мамский әңгіме" подкастына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Көп пабликтерде мен туралы сын пікірлер жазылды. Ол кезде қыздар ажырасқанын, екінші рет күйеуге шығып жатқанын айта бермейтін. Мен бұл туралы айтқан бірінші адам болдым. Оның үстіне күйеуім қазақ емес. Хейттің неше түрлі көкесі маған келді. Неше түрлі қазақ тілді порталдар мен туралы ұрып жазды. Мұнымен қоймай, неше түрлі туысқандар әке-шешеме жібереді. Біраз хейт болды. Әкеммен араласпадым. Екі жылдай араласпадым. Маған ренжіді. Анам алғашында қарсыласқанымен, кейін көнді. "Бастысы сен бақытты бол", - деді.

Әкемнің жүрегін жаулап, ашуын басу үшін наурыз мерекесінде Шымкентке бардық. Ол кезде атам тірі болатын, соның қолынан бата алайық деп бардық. Атам батасын берді. Сол кезде әкемнің де жүрегі елжіреді. Мен әкесінің қызы болып өскенмін. Ол бәрімізді бөлмеден шығарып жіберіп, болашақ күйеуіммен сөйлесті. Кейін бөлмеден жылап шықты. "Бақытты болыңдар" деп тілегін айтып, бізге батасын беріп, шығарып салды. Біз кеткен соң 2-3 күннен кейін атам өмірден озды. Дәл уақытында барған екенбіз", - деді Арай Әлімхан.

Айта кетелік, Арай Әлімхан бірінші күйеуімен неге ажырасқанын және өзге ұлт өкілі саналатын қазіргі жарымен қалай танысқанын да баяндап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2021820-akemmen-eki-zyl-boiy-aralaspadym-arai-alimxan-ozge-ult-okiline-turmysqa-syqqany-usin-synga-qalganyn-aitty/

pixel