Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шаһизадаға тиісе бермеңіздер": Ерболат Ержанбаев көпшілікке ескерту жасады (видео)

Опубликовано:

Шаһизада мен Ерболат Ержанбаев
Шаһизада мен Ерболат Ержанбаев. Скриншот: instagram.com/shahizada.art

Отандық әнші Шаһизада жыл басында көпшілікке өзінен 18 жас кіші Ерболат Ержанбаевты жігітім деп таныстырып, хайп жасаған болатын. Осы орайда Ерболат Ержанбаев Instagram парақшасында Шаһизаданың бұл әрекетін сөз қылып жүргендерге ескерту жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерболат Ержанбаев өзінің Instagram парақшасындағы stories бөлімінде көпшіліктен Шаһизадаға тиісе бермеуін сұрады.

"Instagram-да хайптан кейін неше түрлі нәрсені Шаһизада әпкеге жазып жатқан көрінеді. Өздеріне адам жинауды көздейтін неше түрлі пабликтер бар. Сондықтан Instagram-дағы өсекші пабликтерге айтарым: Шаһизада әпкеге көп тиісе бермеңіздер. Ол да әйел адам, әйел адам нәзік жанды...", - деп айтты Ерболат.

Еске сала кетейік, биыл отандық әнші Шаһизада көпшілікке өзінен 18 жас кіші Ерболат Ержанбаевты жігітім деп таныстырған болатын.

Алайда Ерболат Ержанбаев желіде оқырмандарына үш баласының анасын таныстырды. Осыдан соң Ерболат Шаһизадамен болған қарым-қатынасы тек хайп болғаны туралы айтқан.

Кейін "Астарлы ақиқат" бағдарламасында Шаһизада ел алдында жасаған хайпына байланысты жағдайдың бәрін баяндап берген еді.

Сондай-ақ бұл оқиғаға Жеңіс Ысқақованың да қатысы бар болып шыққаны туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022133-sahizadaga-tiise-bermenizder-erbolat-erzanbaev-kopsilikke-eskertu-zasady-video/

pixel