Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Жарияланған күні:

Төреғали Төреәлі
Төреғали Төреәлі. Фото: instagram.com/toregalitoreali

Әкімшілік қамауға алынған қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасы мәлімдеді.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкерлерімен есірткілік масаң күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған, МАӘС шешімімен 20 тәулікке қамауға алынған азамат әкімшілік қамауға алынғандарға арналған ұстау изоляторында отыр.

Құқық қорғау органы мамандарының айтуынша медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, оны әкімшілік қамауға алудан босатуға көрсеткіш жоқ.

Сонымен қатар, ұсталған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 378-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша да қылмыстық іс тіркелген.

Аталған қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы ПД анықтау басқармасы жүргізіп жатыр.

Еске салайық, күні кеше әлеуметтік желіде Lexus көлігі жүргізушісінің ұсталған сәті тарап кетті. Оқиға куәгерлері ұсталған азаматты қазақстандық танымал әнші екенін айтуда. Ал кейінірек бұл ақпаратты полиция растап, мәлімдеме жасады.

Ал кешірек әнші Төреғали Төреәлінің 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Сонымен қатар танымал заңгер Айгүл Орынбек Төреғали Төреәлінің үстінен қылмыстық іс ашуды талап етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2025151-toregali-torealige-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/