Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көше кезген сазгердің неліктен мұндай күйге түскенін туыстары айтып берді (видео)

Опубликовано:

Арман Қайназаровтың қазіргі және он жыл бұрынғы келбеті
Арман Қайназаров. Фото: 1tv.kz

Танымал ақын, эстрада жұлдыздарының әндеріне сөз жазған Арман Қайназаров көше кезіп жүрген жерінен табылды. Сазгердің інісі ағасының неліктен мұндай күйге түскенін "Еуразия бірінші" арнасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көше кезген сазгердің туған інісі Алмас Қайназаров осыған дейін ағасына қолынан келгенше көмектескен.

"Қолымыздан келгенше көмектестік. Әлде де көмектескіміз келеді. Бірақ ішімдікке қатты салынып кеткендіктен, кейбір кезде достарына кетіп қалады. Бұл енді өмірдің сынағы ғой. Бір адам тез алып кетеді. Бір адам ұзағырақ жүреді деген сияқты", - деді композитордың інісі Алмас Қайназаров.

Естеріңізге сала кетейік, талай жұлдыздарға ән жазып берген Арман Қайназаров тағдыр тәлкегімен адам танымастай күйге түскен. Ащы судың соңына түскен Арманды әлдекімдер Алматы көшесін кезіп жүрген жерінен тауып алғанын жазған болатынбыз.

Кейінірек әнші Абай Бегей аталмыш сазгердің өзіне де ән жазғанын мәлім етті. Абай Бегей композитор ішімдіктен арылса, көмектесуге дайын екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2026107-kose-kezgen-sazgerdin-nelikten-mundai-kuige-tuskenin-tuystary-aityp-berdi-video/