Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шайды өзім құйып іше берем": Лидия Кәденова қандай ене екенін айтты

Жарияланған күні:

Лидия Кәденова
Лидия Кәденова. Фото: teatr-musrepov.kz/

Талантты театр актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова жеке өмірі жайлы сырын бөлісті. Актриса "Егемен Қазақстан" басылымына берген сұхбатында қандай ене екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актрисаның айтуынша, ол қолынан келгенінше келініне қолғабыс етуге тырысады.

"Қатып қалған қағидалар­мен өмір сүрмеймін. Еркіндікті сү­йемін. Қолымнан келгенше ке­лініме қолғабыс етуге тырысамын. "Сен – келін, мен – ене" деп санасып отырмаймын. Жағда­йым ке­ліп тұрса, немерелерімді де ­ба­ғып, шайымды да өзім құйып іше берем.

Қазақ "Бала балдан тәтті, немере жаннан тәтті" деп бекер айтпаса керек. Дидарым­нан көр­ген қызығым – Дияр мен Дәлилә ат­ты қос немерем бүгін­де бар өмірі­мнің мәні. Бар тіле­рім – балаларымның амандығы. Солардың қызығын көрсем деп Алладан ұзақ өмір тілеймін.

Өйт­кені, Дидарым – жалғыз. Сол жалғызымды жалғыз өзім жү­ріп жеткіздім. Енді ұлымның қуа­нышына куә болып, қасында ұза­ғырақ жүре тұрсам деген үлкен арманым бар. Алладан жалғыз-ақ тілерім – осы", - деді Лидия Кәденова.

Айта кетейік, актрисаның ұлы Дидар Кәден осыдан бірнеше жыл бұрын танымал блогермен шаңырақ көтеріп, кейінірек ажырасып кетті. 2021 жылы Дидар Кәден екінші рет үйленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2026348-saidy-ozim-quiyp-ise-berem-lidiya-kadenova-qandai-ene-ekenin-aitty/