Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төрәлінің қамаудағы мерзімі тағы 15 тәулікке созылды

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі
Төреғали Төреәлі. Кадр: "Жүректің әні" бейнебаянынан скриншот

Төреғали Төреәлі жол таңбасының қос тұтас сызығы арқылы бұрылыс жасап, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Алматы соттары Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

Соттың хабарлауынша, әртіс жол белгілерінің қос тұтас сызығы арқылы бұрылып, тәртіп сақшыларының талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты А.-ға (әртістің шын аты – Төреғали Әлиханов – ред) қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот 2023 жылғы 14 маусымда А. Алматы қаласының көшелерінде автокөлік айдап жүріп, жол таңбасының қос тұтас сызығы арқылы бұрылғанын және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамағанын анықтады", – делінген хабарламада.

Сот отырысында А. іс материалдарында баяндалған фактілерді растап, өкініш білдіргені айтылған.

"Сот қаулысы бойынша А. ӘҚБтК-нің 596 бабы 3 бөлігінде (жол таңбасының қос тұтас сызығы арқылы бұрылу) және ӘҚБтК-нің 667 бабы 1 бөлігінде (полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамау) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды", – деп жазылған соттың хабарламасында.

Сонымен, сот Төреғали Төрәліні 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды және 6 ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, 14 маусым күні Алматыда есірткіге масайған көлік жүргізуші полицейлердің бұйрығына бағынбай, оқиға орнынан кетпек болғаны туралы жазған едік.

Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстап, медициналық сараптама жүргізген, нәтижесінде оның есірткіге мас екені анықталды.

Сол күні есірткіге масайған көлік жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылды. Ол 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылған болатын.

Сот отырысында құқық бұзушы іс материалдарында баяндалған фактілерді жартылай растағаны туралы хабарланған.

"А. сот қаулысымен, ӘҚБтК-нің жоғарыда көрсетілген бабымен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған үш тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2027399-toregali-toreali-tagy-eki-zan-buzusylyq-usin-15-taulikke-qamaldy/

pixel