jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Осы сәтті армандайтынмын": Ерке Есмахан гастрольдік сапарға шықпай кетуінің сырын айтты

    Ерке Есмахан
    Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

    Отандық әнші Ерке Есмахан биылғы жылдың қаңтарында тұрмысқа шыққалы, ел көзіне сирек түсетін болды. Әнші көпшілік көкейіндегі сауалға жауап беріп, сахнадан көрінбей кетуінің себебін түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ерке Есмаханға Instagram желісінде оқырмандарының бірі сауал жолдаған.

    Желі қолданушысы әншіден "Енді гастрольдік сапарға шықпайсыз ба?", - деп сұраған.

    Ал Ерке Есмахан қазіргі күйін бұрыннан армандағанын жасырмады.

    "Бұрын үй көрмей, "ақша табу керек" деп, ұшып-қонып жүретінмін. Сол кездері дәл осы сәтті армандайтынмын. Жай ғана әйел бақытын армандайтынмын. Шүкір, Алла қазір арманымды орындап, молынан беруде.

    Гастроль, концерт, тойға қазір көп шықпаймын. Қаласам анда-санда шығармын. Әзірге осы күйім өзіме ұнайды. Арқасүйер, асыраушы күйеуім бар. Мен еркелеушімін", - деді әнші.

    Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмахан мен Раимның кездесетіні жайлы қауесет желіге тарады. Кейінірек Раим бұл ақпаратты растаған болатын.

    Ал арада бірнеше күн өткенде жұлдызды жұптың мешітте некесін қидырғаны белгілі болды.

    Сондай-ақ Ерке Есмахан мәһрге не сұрағанын айтып берді.

    "Осы сәтті армандайтынмын": Ерке Есмахан гастрольдік сапарға шықпай кетуінің сырын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.