"Бәрі сенен қашады": қазақ актрисасы өмір бойы кедейлікпен күресіп келе жатқанын айтты (фото)
Жарияланған күні:
Актриса Гүлшат Тутова жан сырын ақтарып, кедейлікпен өмір бойы күресіп келе жатқанын айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында кішкентайынан ортасы кедей деп қабылдағанын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Кішкентай кезімнен "Cен - кедейсің" деген сөзді көп естіп өстім. Айналам "Сен кедейдің қызысың" дейтін. Келін болып түскенде, "Барақта тұратын кедей жердің қызын алдық" дейтін.
Мен өмір бақи кедейлік деген сөзбен күресіп келем. Өмірдегі Алла бұйыртқан нәпақамды тауып келем. Актриса болсам, өмірім керемет болады деген арман осы күнге дейін жетелеп келеді. Шын жүректен шыққан арман адамға энергия береді екен. Энергия келсе, әрекет жасай бастайсың. Арманың орындалмай, энергияң таусылмайды екен.
Мен бай, қуатты болам деп қатты армандадым. Әжем "Жас күніңде бейнет бер. Қартайғанда дәулет бер" деп айтып отыратын. Сол дәулетті аңсаймын. Мен осы сөзге қосыламын. Қазір ұялатын заман емес. Анам "Есектің артын жу да, дүние тап" деп айтып отыратын. Қазір кедей болшы, ешкімге керек емессің. Туған-туыс, дос-жаран бәрі сенен қашады. Бар болсаң ғана абыройың асқақтайды", - деп жазды Гүлшат Тутова.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Гүлшат Тутова үлкен қызының құлағы естімей, қатты ауырғанына өзін кінәлаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2034616-bari-senen-qasady-aktrisa-omir-boiy-kedeilikpen-kuresip-kele-zatqanyn-aitty-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.