Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Рано Умарова күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты

Опубликовано:

Рано Умарова
Рано Умарова. Скриншот: "Мамский әңгіме" бағдарламасы

Әнші әрі актриса Рано Умарова ажырасуына не себеп болғанын ашып айтты. "Мамский әңгіме" бағдарламасында өнер иесі жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен перзентханадан шығып, үйге келдім. Ол кезде әлі ажыраспаған едік. Жүктілікте 16 келі салмақ қостым. Босанғаннан кейін үш келі ғана салмағым кетті. Күйеуім "Сымбатты қызды алып едім, қазір жанымда кім отырғанын қараңдар" деп әзілдейтін. Ол мені ренжіту үшін айтпаған шығар. Бірақ менің ренішім ұлғая берді. Оның мені тастайтын ойы да болмады.

Бір күні мен "Мені сүйесің бе? Біздің көзқарасымыз әртүрлі" дедім. Сосын үйімізден кеттім, пәтер жалдадым. Менде босанғаннан кейінгі күйзеліс қалған еді, не істерімді білмедім. Қараша айында ол маған "Қайта қосылайық. Біздің ортақ баламыз бар. Тағы бала жоспарлайық. Баламыз жалғыз өседі. Қазір оны түсінбейсің" деді. Ал қазір жағдайды дәл сол кездегідей қабылдамайтын едім. Оның жұмыста жүргені, достарымен қыдырғаны мен үшін сұмдық еді. Ұйықтамадым, қатты қызғандым. Қазір "Құдайым-ау, қыдырса, қыдырсын" деп ойлаймын. Мүмкін, босанғаннан кейінгі күйзеліс шығар. Ол қайта қосылуға тырысқанда, мен "жоқ" дедім. Ол керемет әке. Біз керемет ата-анамыз. Сол кездегі жағдайға қазір ақылмен қарайтын едім", - деді Рано Умарова.

Айта кетейік, осыған дейін Рано Умарова ажырасудан кейін өзін жоғалтып алғанын баяндап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2035120-ansi-rano-umarova-kuieuimen-ne-usin-azyrasqanyn-aitty/

pixel