Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақында сәбилі болатын отандық жұлдыздар кімдер (фото, видео)

Опубликовано:

Жанар Дұғалова бағдарламада
Жанар Дұғалова. Фото: instagram.com/zhanar_dugalova

Биыл жұлдыздар арасында ана атанатынын хабарлап, оқырмандарын қуантқан жұлдыздар көп. KAZ.NUR.KZ жақында сәбилі болатын шоу-бизнес өкілдерінің тізімін жасады.

Жанар Дұғалова

Танымал әнші аяғының ауыр екенін көпшілікке хабарламаса да, әншінің концерттегі видеосы желіге тарап кетті.

Видеодан биыл тұрмысқа шыққан әншінің жүкті екенін байқауға болады.

Айта кетейік, биыл наурыз айында күйеуге шықты. Кейінірек желіде Дұғалованың күйеуі жайлы ақпарат пайда болды.

Ерке Есмахан

Әнші Ерке Есмахан да биыл қаңтар айында тұрмыс құрды. Еркенің таңдауы өнер әлемінде жүрген танымал әнші Раимға түскен.

Ал жақында жұлдызды жұп бейнебаян арқылы сәбилі болатынын көпшілікке хабарлады.

Айжан Байзақова

Танымал блогер Айжан Байзақова 2022 жылдың күзінде тұрмысқа шықты.

Ал шілде айында блогер ерекше стильде гендер-пати өткізді.

Блогер екінші сәбиінің де ұл болатынын анықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2035529-sabi-kutip-zurgen-zuldyzdar-kimder-foto-video/

pixel