jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Үлгердім": әнші Тұрар Ыдырыс әкесінің көзі тірісінде Алматыдан үй сыйлағанын айтты

    Тұрар Ыдырыс
    Тұрар Ыдырыс. Фото: instagram.com/turar__ydyrys

    Әнші Тұрар Ыдырыс әкесінің көзі тірісінде Алматыдан үй сыйлап үлгергенін айтты. Өнер иесі "Еркін подкаст" бағдарламасында жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "2020 жылы отбасымды Алматыға көшіріп алдым. Алматының сырт жағынан үлкен үй алдық. Әкемді Алматыға көшіріп әкеп, ол кісі осы жақта өмірден озды. Үлгердім ғой. Бір үлгерген нәрсем болды.

    Әкеме 2018 жылы диагноз қойылды. 2019 жылы Алматыға келдік. Үй жоқ, ала салатын жағдай да жоқ. Пәтер жалдап, әпкелерімнің үйінде жүрдік. Сөйтіп 2021 жылдың басында үй алдым. Әкем нашарлай бастады. Әкем кейде есін ұмытады, кейде өзін қалыпты ұстайды. Сол кезде әкем үйге келді, жүре алмай қалған еді. Үйдің сыртына шығып жүретін болды.

    Бір күні жанында жатсам, "Біз қайдамыз?" дейді. "Үйдеміз, папа. Өзіміздің үйдеміз" дедім. Әкем "Уфф" деді. Сол сәт өзімді мақтаған кезім. Әттеген-ай бар ғой, әрине. Әкем өмірден өткенде, бірден есейіп кеттім. Шешуші сәтте отбасыма өзім жауапты екенімді түсіндім", - деді ағынан жарылған Тұрар Ыдырыс.

    Айта кетейік, осыған дейін Тұрар Ыдырыс бұрынғы продюсерімен арадағы жанжал жайлы шындықты баяндап берген болатын.

    "Үлгердім": әнші Тұрар Ыдырыс әкесінің көзі тірісінде Алматыдан үй сыйлағанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.