"Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды": Сейфуллин Жолбарыс 93 жастағы анасы жайлы айтты (видео)
Жарияланған күні:
Әнші Сейфуллин Жолбарыстың анасы биыл 94 жасқа толатын анасы жайлы айтты. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында 93 жастағы анасының әлі тың екенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Анам биыл 94 жасқа толады. Денсаулығы жақсы, тың. Әлі күнге дейін ұшақпен ұшады. Жанына біреуді қосып жіберсең, ренжиді. "Керек емес. Сен шығарып сал. Ол жақтан біреу күтіп алсын" дейді.
"Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды" деген рас негізі. Еркелеймін. Әлі күнге ұрысады маған", - деді әнші.
Айта кетейік, осыған дейін Сейфуллин Жолбарыс Бақыт Шадаевамен арадағы пәтер дауына байланысты тараған қауесетке нүкте қойды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037216-anasy-bar-adamdar-esqasan-qartaimaidy-seifullin-zolbarys-93-zastagy-anasy-zaily-aitty-video/