jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖТ
    Жұлдыз Тілебалды
    Бұрынғы қызметкер

    Төреғали Төреәлінің ісі сотта қаралуда: әнші 20 тәулікке қамауға алынуы мүмкін

    Төреғали Төреәлі. Фото
    Төреғали Төреәлі. Фото: instagram.com/toregalitoreali

    Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында қазақстандық әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Алматы соттары Facebook желісіндегі ресми парақшасында.

    "Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында Т. Әлихановқа (Төреғали Төреәлі) мемлекеттік қызметкерді қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау (ҚК 378-бабы 1-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қаралуда", - делінген хабарламада.

    Айта кетсек, ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігіне сәйкес, билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау - 80 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

    Естеріңізге сала кетейік, 14 маусымда Төреғали Төреәлі Алматыда полиция қызметкерлеріне есірткіге мас күйінде ұсталған болатын. Әнші 20 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

    Кейін оның адвокаты Тілеужан Кішкенебаев қамауға алынған кезде онымен бірге көлікте жүкті әйелі болғанын айтты.

    16 маусымда оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы «Билік өкілін қорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Кейін қазақстандық әнші тағы үш күн қамауға алынды.

    Содан кейін әнші тағы да жазаланды. Ол тағы екі заң бұзушылық үшін 15 күн алды.

    Шілде айының ортасында Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты.

    Төреғали Төреәлінің ісі сотта қаралуда: әнші 20 тәулікке қамауға алынуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.