Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ажырасу - кішігірім өлім": Балжан Бидаш ажырасқаннан кейінгі өмірі жайлы сыр шертті (фото)

Опубликовано:

Балжан Бидаш
Балжан Бидаш. Фото: instagram.com/bidash_official

Әнші Балжан Бидаш ажырасудан кейінгі өмірі жайлы баяндап берді. Өнер иесі Instagram парақшасында қазір өзіне қосымша табыс көзін іздеп жүргенін ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сіздерге бірнәрсе айтуым керек. Ішіме сыймай бара жатыр... Соңғы оқиғадан кейін сіздер көріп жүрген Балжанның ішінде қандай өзгеріс болып жатқанын айтқым келіп тұр. Қай оқиғаны айтып отырғанымды түсініп жатырсыздар ма?

Шынымды айтсам, қазір менде бәрі жақсы. Уақыт емші екеніне көзім жетуде. Бүкіл күйзеліс, стрессті тезірек тастауға тырыстым. Нәтижеге жетіп жатырмын. Өзімді қолға алдым, жиналдым. Бұл өмірдің заңы. Әр адамның басынан өтуі мүмкін нәрсе. "Ажырасу - кішігірім өлім" деп бекер айтпаған. Сондықтан мұны ешкімге тілемеймін. Әңгіме болып жатқанын да білемін. "Ары қарай қалай өмір сүресің" деп сұрағанда ғана ол нәрсе есіме түсті. Мен өз ақылыма, сіздердің қолдауыңызға сенемін" , - деп жазды Балжан Бидаш.

Балжан Бидаш сторис
Балжан Бидаш сторис. Скриншот: instagram.com/bidash_official

Сонымен қатар өнер иесі алдағы өміріне алаңдаулы екенін жеткізді.

"Алдағы өмірімде бір ғана ой мазалайды. Бұл мен сияқты кезеңде жүрген әйелдер қауымын да алаңдатады. Қиын жағдайға жүрген жандар түсініп отырған болар. Қазір өзіме өзім қорғанышпын. Шүкір, ата-анам, бауырларым аман. Бірақ, мен өзім үшін жауап бергім келеді. Қандай жағдай болмасын тек алға жылжу керек. Алдында Қытайға барған себебім де қосымша табыс көзін іздеу еді. Өкінішке қарай, таппадым. Сонда да тоқтамай, ізденудемін.

Менде қазір бір ғана мақсат тұр. Ол - жарқын болашақ. Еркін, тарықпай өмір сүру үшін жаңа істі байқап көруге, ізденуге дайынмын", - деп жазды Балжан Бидаш.

Балжан Бидаш сторис
Балжан Бидаш сторис. Сриншот: instagram.com/bidash_official

Айта кетейік, осыған дейін Балжан Бидаш сахнаға қайта оралғанын мәлім еткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен ажырасқанын ресми түрде растады.

"Сіздер шындықты білуге лайықтысыздар. Осы уақытқа дейін біз үшін алдаңдап жатқандарыңызға рахмет. Сондықтан "рас па, өтірік па" деген ақпаратты "Біз екі жаққа кеттік" деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін", - деп жазған болатын Балжан Бидаш.

Кейінірек Жахан Отарғалиев Балжан Бидашпен не үшін ажырасқанын ашып айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2038286-azyrasu-kisigirim-olim-balzan-bidas-azyrasqannan-keiingi-omiri-zaily-syr-sertti-foto/

pixel