Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Мұқасан Шахзадаев 157 мың теңге жалақы алатынын айтты

Опубликовано:

Мұқасан Шахзадаев
Мұқасан Шахзадаев. Фото: "Алғашқы" бағдарламасы

Әнші Мұқасан Шахзадаев "Алматы әуендері" ұжымындағы көркемдік жетекші қызметі үшін қанша жалақы алатынын айтты. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында басқа табыс көзі жоқ екенін де баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ешқандай қиындығы жоқ. Қолға күрек алып, жер қазып жатқан жоқпыз. Біз тікелей әкімдікке және қалалық мәдениет басқармасына қараймыз. Басты міндетіміз - Алматы қаласында өтетін іс-шараларды өнерімізбен қамтамасыз ету.

Республика сарайында "Алматы әуендері" деген үлкен ұжым бар. Ол жерде 700-ге тарта адам жұмыс істейді. Ұжымда "Сазген" фольклорлық ансамблі, симфониялық, "Жаңа ғасыр" деген театр, "Самұрық" би тобымен қатар Роза Рымбаева, Нұрғали Нүсіпжанов, Асхат Тарғын, Жұбаныш Жексенұлы сынды әншілер қызмет етеді. Мен сол ұжымда көркемдік жетекшімін", - деді Шахзадаев.

Сонымен қатар өнер иесі осы қызметі үшін айына 157 мың теңге жалақы алатынын да айтып берді.

"Алматы әуендерінен" алатын айлығым - 157 мың теңге. Басқа табыс көзі жоқ. Тек өнердемін. Себебі, "Екі кеменің басын ұстаған суға кетер" дейді. Кәсіп жүргізу қолымнан келмейді", - деді ағынан жарылған әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Мұқасан Шахзадаев "Алматы әуендері" мекемесінің көркемдік жетекшісі болып 2021 жылы тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2038522-ansi-muqasan-saxzadaev-157-myn-tenge-zalaqy-alatynyn-aitty/

pixel